Зейнеткер болсам да, үйге бірнеше газет-журнал жаздырып аламын. Жасыратыны жоқ, солардың ішінен ең бірінші қолыма «Ақ жолды» алып, оқимын. Мақалалары мазмұнды, жан-жақты тақырыптар қамтылады. Бір сөзбен айтқанда, керегіңді табасың. Өзімнің осы сүйікті газетім жыл басында қала орталығындағы түрме ғимаратын сырт жаққа көшіру туралы бір жақсы мәселені көтерді. Риза болдым. Өз мәселемізді өзіміз қозғамасақ, оның жайы бөтен кімге керек? Міне, газеттің ойы осынысымен құнды. Ойлап қарасақ, біздегі түрмелердің бәрі де қала ішінде қалып кеткен. Енді ше, шаһар аумағы күннен-күнге ұлғайып бара жатыр. Ертең қанатын бұдан да кеңге жаяды. Сонда болашақ ұрпағымыздың өмірі түрмелердің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып кетпек пе? Сондықтан да бұл мәселені қазірден бастап қолға алып, батыл қадам жасау керек. Бірінші кезекте әрине орталықтағы абақтыны басқа жаққа көшіру қажет. Біз Мәңгілік Ел болуға ұмтылып жатқан елміз. Төріміздегі түрменің орнына Мәңгілік Елдің мәртебесін биіктететін, төл тарихымыз бен хас батырларымызды танытатын мәдени кешен бой көтерілсе деймін. Бұл дүние өскелең жастың рухын жанып, өз елін, өз жерін сүюге шақырып тұратын құтты орталық болары даусыз.
Кәмен АХМЕТОВ, Тараз қаласының байырғы тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




