«Қақпа алдында кездесу»
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында 9 жазасын өтеуші бостандыққа жолдама алды. Атап айтқанда, олардың 5-уі Пәкістан Республикасының азаматы болса, 4-уі қазақстандықтар. Еркіндікке шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді.
Айта кетейік, Пәкістан елінің азаматтары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392 бабы 1 бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




