Дін өкілі жазасын өтеушілермен кездесті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі бірқатар жазасын өтеушілерді дін өкілі жеке қабылдады. Бұл күні «Хамра құл» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов сотталғандарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Бұдан бөлек, ол сотты болған азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару және дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты осы саланың білікті мамандарынан сұрау қажеттігін баса айтып, кез келген діни ақпаратты интернеттен оқу кезінде сақ болуға үндеді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер көкейлерінде сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




