Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласынан және Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Сарысу аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтсақ, тұрғындар көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грант сынды мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




