Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының оқытушылар құрамы мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ректораты мен ұжымы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Е.Бақтыхожаев жиынға қатысушыларға қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы, пара беру және пара алуға жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзған азаматтарға қолданылатын жаза түрлеріне тоқталып өтті.
Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша Полиция департаментінің
Криминалистикалық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ш.Альжанов алаяқтықтың алдын алу, оның ішінде кең тараған түрі интернет-алаяқтықықтың алдын алу мәселелерін айтып өтіп, жастарды құқықтық сауатты болуға шақырды.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс-қызметінің жетекшісі О.Жолдасова институтта академиялық адалдық қалыптастыру, мүдделер қақтығысын дер кезінде анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыс жасау, институт қызметкерлерінің ішкі тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Кездесу барысында департамент тарапынан әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді