Мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды

Мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды
Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің маңынан мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды. Іс-шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз алып, мемлекеттік қызметшілерді құттықтады. – Өздеріңіз білесіздер, бүгінде жастарға үлкен мүмкіндіктер берілуде. Мемлекеттік басқару ісіне жұмылдыру үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар бастамалар көтеріп жатыр. 2019 жылдан бастау алған жастар кадрлық резервін жасақтау шарасы жалғасын тауып келеді. Бұл жылы 300 жас осы жобаға іріктеліп алынса, 2021 жылы 50 қызметкер таңдалды. Былтыр тағы да 50 адам іріктеуден өтіп, олардың барлығы мемлекеттік секторда жоғарғы басшылық лауазымда қызмет етуде, – деді Лесбек Құралбайұлы. Сондай-ақ, ол бүгінде осы іріктеуден өткен жастардың ішінде Парламент Мәжілісінің депутаты болған азаматтар бар екенін, биыл да республика бойынша өңірлік кадрлық резервке 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алатындығын атап өтті. – Бұл біздің облысымызда болып жатқан үлкен жаңалық. Қадірлі жастар, сіздердің алдарыңызда қоғам, ел үшін атқаратын талай шаруалар бар. Істеріңізге толайым табыстар тілейміз. Мемлекеттің жастарға жасап жатқан игі істері оларға жауапкершілік артады. Өздеріңе үміт артқан халықтың сенімін жоғалтпай, әрқашан абырой биігінен көрініңіздер, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.  

Нұржан ӘЛІШІ

Ұқсас жаңалықтар