Отандық компания өкілдерімен кездесті
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен отандық компания өкілдері электр зарядтау станцияларын орнату және «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу жобаларын таныстырды. «EVC» компаниясы электр зарядтау станцияларын жеткізу, орнату мен техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынды.
Мұнда 3 киловаттан 180 киловатқа дейінгі әртүрлі қуаттылықты қамтитын жабдық түрлері бар.
Кездесуде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығында электр зарядтау станцияларын орнату мақсатында арнайы орындар белгіленгенін жеткізді. Алғашқы кезеңде дәл осындай 50 нысанды орнату жоспарлануда. Атап өтерлігі, бұл жұмысқа компаниялар конкурстық негізде қатысатын болады.
«Set» компаниясы бірыңғай ақпараттық ортамен біріктірілген автоматтандырылған бағдарламаларды, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын «Қауіпсіз қала» жүйесін әзірледі.
Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Жаңару күні Үшаралда кең көлемде аталып өтті
- 30 наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдің балалары қандай болуы керек?
- 30 наурыз, 2026
Адамның табиғатсыз күні жоқ
- 30 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




