«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұл туса ұлтының қамын жесін

Ұл туса ұлтының қамын жесін
ашық дереккөз
Ұл туса ұлтының қамын жесін

Түп-тамыры ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, ана тілін, салт-дәстүрін сақтап қалғаны – оның азаттыққа ұмтылған асқақ рухының, еркіндік сүйетін ерік-жігерінің арқасы. Тәуелсіздік жолына түскен алғашқы жылдардың сын сағатында тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев дана басшы ретінде елімізді сеніммен алға бастады. «Ұл туса – ұлық болса екен» деп тілейтін қазағымның тілегі қабыл болып, елі сүйген, елін сүйген Елбасы дербес мемлекеттің берік негізін қалап, жасампаз даму жолына салды. Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен ұландар, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері әлем таныған ірі саяси қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жастарға жігер берді. Жастардың толыққанды өсіп-жетілуіне мемлекет жағдай жасап отыр. Мойынқұм аудандық «Жастар орталығы» сенімді ақтауға барынша тырысып, ауқымды іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Мәселен, ауданымыздағы жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсартуға, табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділікті арттыруға байланысты мәселелер бойынша жастармен жұмыс, жетім балаларға және мүгедек жандарға көмек көрсетуге орталық мұрындық болып жүр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға келген жас мамандарға көмек беру, оларды ауылда тұрақтандыру мақсатында біздің тарапымыздан жастарға кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде, биыл 100 маман білім, мәдениет, ветеринария, денсаулық, спорт салалары бойынша ауданымызға жұмысқа келді. Жастарды еңбекқорлыққа баулу, дұрыс мамандық таңдауына да орталық тарапынан кеңес беру және ауданымыздағы ірі кәсіпорындарға саяхат жасау, кәсіптік даярлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 9-11 сынып түлектері ауданымызға жетіспейтін мамандықтарға оқуға түсіп, білім алуда. Олар оқу орнын бітірген соң ауданымыздың экономикалық дамуына өз үлестерін қосады деген сенімдеміз. Біздің міндетіміз – ел мәртебесін қашанда биік ұстап, ұлы мақсаттарға жол бастау.

Еркебұлан Абасов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» директоры.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар