Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)
Тұрмыз міне, ауыр жайға кезігіп,
Көке, кете бардыңыз ба көз іліп.
Қайғырып тұр қара ормандай ел-жұртың,
Қадірің мен қасиетіңді сезініп.
Сөйледіңіз сөздің нәрін пісіріп,
Талай шәкірт шықты сізден ысылып.
Өкінбедік аз жасады деп сізді,
Кеткеніне өкінемін кісілік.
Жылы сөзбен бәрімізді бір мәз ғып,
Әрбір сәтті жүрдіңіз-ау шын жаз ғып.
Өкінбейміз аз жасады деп сізді,
Өкінеміз кеткеніне сырбаздық.
Ішіңізге асыл ойлар көп тұнып,
Жүрдіңіз-ау, төңіректі шат қылып.
Өкінеміз сізбен бірге кетті деп,
Асыл мінез, бекзадалық, тектілік!
Қимас ел жұрт келіп жатыр жан-жақтан,
Бәрі сізге дұға тілеп, толғатқан.
Асыл көке пейіште нұрың шалқысын,
Жаратушы орын бергей Жаннәттан!
Есет ДОСАЛЫ,
ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




