Қыстың екінші айы ортасынан ауғанмен, жайлы болып тұр. Қыс қытымыр «мінезін» көрсетпей тұрмайды. Күні ертең қаһарына мінері сөзсіз. Ауданымызда қазір 33 761 бас мүйізді ірі қара, 234 250 бас қой-ешкі, 9 421 бас жылқы, 786 бас түйе, 1 440 бас шошқа мен 262 650 бас құс қыстатылуда. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың көпшілігі құм өңіріндегі шұраттарға шоғырланыпты. Қыстау орындарында дайындалған жемшөп көлемі жеткілікті. Әр отар басында кемінде 70-80 тонна шамасында шөп жиналған, 23 985 тонна құнарлы жем дайындалған. Қыстаудағы 237 малшының үйлері толық жөндеуден өтіп, отын-сумен жеткілікті қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қыстау орындарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қыс айларында жемшөп таситын және жол тазалайтын техника қарастырылыпты. Барлық шаруашылықтың қарамағындағы мал қоңы жақсы. Түрлі ауруларға қарсы толық дәрілеуден өткен және жұқпалы аурулардан таза. Қазіргі таңда төрт түлік малдан ризық-несібесін терген аудан шаруалары бар күш-жігерлерін мал қыстатуды көңілдегідей өткізуге жұмылдыруда.
Мұхтар МАНЕКЕЕВ.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




