Жазасын өтеушілер мешіт имамымен кездесті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «Хамра құл» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов осында жазасын өтейтін бірқатар сотталған азаматтармен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру. Шара барысында дін өкілі сотталған азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару қажеттігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты осы саланың білікті мамандарынан сұрау және кез келген діни ақпаратты интернеттен оқу кезінде сақ болуға шақырды.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер көкейлерінде сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




