Сотталғандардың еңбек қауіпсіздігі – басты назарда
ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтейтін сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу – бүгінгі күннің басты талабы. Жуырда облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет капитаны Бекен Калимбетовтің төрағалымен өткен жиында мекеме аумағынан өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлердің жұмысы барысында туындайтын бірқатар мәселелер талқыланды.
Басқосу барысында кәсіпкерлердің жазасын өтеуші жұмыскерлерді жазатайыоқиғалардан сақтандыру жағдайы мен жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына баса көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Өз кезегінде мекеме әкімшілігі қолданыстағы заңға сәйкес жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында қолдау көрсететінін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




