Нақты мәселелерге жауап берді
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы алға қойған мақсаттары көп нәрсені түсінуге мүмкіндік берді. Президент халықты да, нарықты да толғандыратын мәселелерге нақты жауап берді. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Парламенттік жүйені реформалау, Қаңтар оқиғасы, Қазақстанның Ресеймен , Қытаймен қарым-қатынасы, қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Сұхбатта ой салған тағы бір сөз – тұрмыстағы зорлықзомбылықтың тыйылуы. Қоғамда бұл кеселдің жолын кесу үшін қазір арнайы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Президент әр қазақстандықтың бас амандығы маңызды екенін алға тартып, енді отбасының шырқын бұзғандарға заң қатаңдатылатынын айтты.
Президенттің айтқан ұсыныстарын, әсіресе, зорлық-зомбылыққа қатыстысын толық қолдаймын. Мемлекет басшысы бастаған осындай еркін сұхбаттар көбеюі тиіс. Үкімет басшысы, күштік құрылымдар, министрлер, облыс әкімдері әрбір атқарылған жұмыстарға осылай есеп беруі қажет. Білетінім, халық осындай ашық әңгімеге, әрбір қабылданған шешімді түсіндіру бағытындағы ақпаратқа зәру. Мемлекетіміз әрдайым бейбітшілік, татулық, достыққа негізделген саясатты ұстанып келеді, алдағы уақытта да еліміздің әлемдік саяси аренада алар асуы биік болары анық.
Руслан МЫРҚАЛЫҚОВ,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді