ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті
Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болары анық. Ал, қоғамның тыныштығы үшін тағдырын тәуекелге тігіп, қылмыспен күрестің алдыңғы сапында жүретін құқық қорғау органдарының қызметкері атану – халық алдындағы жауапкершілік. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Олжас Бектаев пен осы мекеменің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай облыс орталығы Тараз қаласының іргесінде орналасқан Жамбыл ауданындағы бірнеше оқу ошағына арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы мен әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин атындағы мектептер мен №1 және 12 білім ұясында өткен кездесулер барысында ҚАЖ қызметкерлері жоғары сынып оқушыларын болашаққа қадам басар кезде «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал екенін баса айтты.
Сондай-ақ, олар жасөспірімдерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырды.
Өз кезегінде мектеп оқушылары аталған академия жөнінде кеңінен білуге құмартып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Ал, ұстаздар ұжымы оқушыларға кәсіби бағдар берген ҚАЖ қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




