Ұлттық идеологияны қалыптастыру қажет
«Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауап берді. Президенттің айтуы бойынша, 2024 жыл біздің елге айрықша маңызды жыл болмақ. Себебі, осы жыл алдағы бес жылдағы дамудың негізі болады.
Қазақстан құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу жолында нәтижелі қадамдарын жасауда. Сол үшін Конституцияға өзгерістер енгізілді. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Әрине, жақсы заңдар қабылдауға болады. Негізгі мәселе – оларды орындау. Елімізде «заң мен тәртіп» қағидаты орнығу қажет. Кейбір кезде демократияға байланысты Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен салыстырып жатады. АҚШ бүгінгі демократиялық жүйесіне ғасырлар бойы келді. Біздің егемендік алғанымызға жақында 32 жыл болды. Сондықтан да әр қазақстандық құқықтық және демократиялық мемлекеттің азаматына лайық, Ел Президенті айтқандай, «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр» болу керек. Осы қасиеттерді ең алдымен бүгінгі жастардың бойында тәрбиелеу маңызды. Әділетті Қазақстанды құру үшін өзіміздің қоғамдық санамыз бен азаматтық ниетімізді өзгерту қажет.
Ұлттық идеологияның түп-тамыры – білімді қоғам арқылы Қазақстанға рухани серпіліс жасау болуы тиіс. Білімпаздық пен жаңашылдық бірінші орында тұру керек. Ұлттық идеологияның даму жолында жалғандыққа жол беруге болмайды. Бүгінгі жастарымыз өсіп-өркендесін десек, оларды жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу қажет.
Сонымен қатар, қазір әлем күн сайын өзгеруде: жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Осындай жағдайда жастарымыз жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға дайын болу керек. Яғни, рухани серпіліс жаңа сапалы білім алудан басталады.
Сананың өзгеруі ұлттық идеологияның дамуына тікелей байланысты. Бізге халқымыздың қуатын арттыратын, толағай табыстарға жетелейтін, жалпыұлттық құндылықтарын дамытатын идеология керек. Осы бағытта зиялы қауым өкілдері өз үлестерін қосуға тиіс. Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз. Олай болса, Президентімізді қолдап, еңбек ету керек.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар республикалық референдумға белсенді қатысты
- 8 қазан, 2024
Ел ертеңі үшін маңызды қадам
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді