Денсаулық
Таразда желдің салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүруде
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2024
- 797
Таразда желдің салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүруде
2024 жылғы 10 қаңтар, сағат 19.00-дегі мәлімет бойынша қатты желдің салдарынан 109 қызметіне 172 өтініш түскен. Электр жарығы өшкені туралы – 112, газ өшкені туралы – 2, балкон шатыры құлауы туралы – 1, тал құлағаны туралы 18 өтініш тіркелген. Қазір бұл бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, төтенше жағдай оқиғасы бойынша 9 шағын аудан 33 үйдің балкон шатыры (көлемі 6 м2) ұшып, 3 автокөлікке тал құлап, зақым келтірген.
Қала аумағында жалпы құлаған тал мен бұтақ саны – 49. Тазарту жұмыстарына 5 бригада, 30 адам, 9 техника жұмылдырылған.
Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарына әуе желісімен – 8, трансформаторлық тораппен – 3, жоғары қуатты электр желісімен 2 бригада жұмыс жасауда. Бұл жұмыстарға 52 маман және 15 техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар тұрғындардан өтініш қабылдайтын диспетчерлік қызмет жұмыс жасауда.
Түскен мәліметтер бойынша, құрылысы жүріп жатқан 1 үйдің сыртқы қоршауына, 1 үйдің қасбетінің сайдингі, бір аялдаманың шатыры, 2 шағын ауданда электр желісінің өшуі, 12 бағдаршамның өшуі, 3 жол белгісі мен жарнама тақтайшаларының зақымдалуы орын алып отыр.
Әлеуметтік нысандарда (білім мекемелері – 130, денсаулық – 28 және басқа да 227 әкімшілік ғимараттарда) жылыту маусымы қалыпты өтуде.
Алдағы уақытта қосымша ақпарат берілетін болады.
Тараз қаласының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




