«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылдық Respublica-лықтар 2023 жылды қорытындылады

Жамбылдық Respublica-лықтар 2023 жылды қорытындылады
ашық дереккөз
Жамбылдық Respublica-лықтар 2023 жылды қорытындылады

Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы аймақтық және республикалық БАҚ журналистері, блогерлердің қатысуымен семинар мен тимбилдинг ұйымдастырды.

Іс-шара барысында партиялықтар медиа қоғамдастығы өкілдерімен 2023 жылдың қорытындыларымен және келер жылға арналған жоспарлармен бөлісті.

Бүгінгі таңда партияның облыстық филиалында 7 бастауыш партия ұйымы, 1500-ден астам белсендіден тұратын жастар бірлестігі жұмыс істейді.

Respublica партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары халықпен 37 кездесу өткізіп, 9 депутаттық сауал жолдады.

Сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейінпартияның облыстық филиалы түрлі форматтағы70-тен астам іс-шара өткізді.

Жамбыл облыстық мәслихатының Respublicaпартиясынан сайланған депутаты НұрсұлтанТемірхан  "Әулиеата үздігі" жастар сыйлығыныңлауреаты атанып, "Үздік жасдепутатоминациясында жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта партияның аудандықфилиалдарын құру және бастауыш партия ұйымдарының санын арттыру жоспарлануда. Сайлау кезінде Жамбыл облысы ел бойынша Respublica партиясына дауыс бергендер арасында ең жоғары белсенділік көрсетті. Respublica партиясы жақында ғана құрылғанымызға қарамастан, біз барлық азаматтарының мүддесін қорғауға қызмет етіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы, әділдігі үшін күресеміз, - деді облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан.

Ресми бөлімнен кейін тиімді коммуникация тақырыбында семинарды бизнес-тренер, 2016 жылғы ораторлық чемпионаттың жеңімпазы, кәсіпкер Салтанат Қашағанова өткізді.

Журналистер мен блогерлер "JarIQ" интеллектуалды квизінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі ойындар ойнады.

Облыстық филиал төрағасы НұрсұлтанОспанов, облыстық мәслихат депутаты НұрсұлтанТемірхан қатысушыларды грамоталармен жәнеарнайы сыйлықтармен марапаттады. Жүлделербіздің партиямыз туралы ең үздік бейнеролик пен қызықты пост үшін де табысталды.

Мұндай галстуксіз, еркін форматтағыкездесулер ынтымақтастықты нығайтуға, көпмәселелерді талқылап, бірлесіп шешімін  тапқанға көмектеседі. Respublica партиясының өңірлікфилиалы партиялықтардың әрқашан ашық жәнедиалогқа дайын екендігін дәлелдеуде, - деп атапөтті "Qazaqstan" телеарнасының меншікті тілшісіДанияр Әлімқұл.

Ұқсас жаңалықтар