«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамандық іздеген жамандыққа жолығады

Жамандық іздеген жамандыққа жолығады
ашық дереккөз
Жамандық іздеген жамандыққа жолығады

 Бір дана досына:

– Біз отырған мына бөлмені жақсылап қарап шық та, осындағы қара түсті заттарды есіңе сақтауға тырыс, – депті. Бөлмеде қара түсті заттар өте көп болғандықтан досы тапсырманы тез орындапты. Бірақ кемеңгер: – Ал енді көзіңді жұм да, осы бөлмедегі ақ түсті заттарды санап шық, – дейді. Бұл тосын тапсырмаға ә дегенде абдырап қалған досы кәдімгідей ашуланып: – Ондай ештеңені байқамадым, өйткені қара түсті заттарды ғана есіңе сақта деген өзің ғой, - дейді. Сол кезде дана: – Көзіңді аш та жақсылап қара, бөлмеде қара түсті заттармен бірге ақ түсті заттар да өте көп еді ғой, – деп жауап берді. Шынында солай еді. Дана сөзін жалғады. –Егер сен бөлмеден тек қана қара түсті заттарды ғана іздегеніңдей, айналаңнан да тек қана жамандықты іздесең, онда сен тек қана соларды көресің, байқайтының да тек солар болады және солар ғана сенің есіңе түсіп, өміріңе серік болады. Есіңде болсын: егер өмірден жамандықты ғана іздесең, онда сен оны міндетті түрде табасың және жақсы атаулының ешқайсысын көрмейсің, көргің де келмейді... * * * Іздегеніміз тек қана жақсылық болсын, Алла тағаланың ақ жолынан үміті бар ағайын!

Ұқсас жаңалықтар