(Д. А. Қонаев елге келгенде)
Өшетін ел жыртар Ердің жағасын, Өсетін ел білер Ердің бағасын. Таласымның мерейі бір тасыды-ау, Қарсы алып алты алаштың ағасын.
Тектілікті кім болса да бағалар, Тексіздерді ит те, құс та табалар. Ұлы ұрпағым ұмытпаған екен деп, Орнынан бір аунап түсті-ау бабалар.
Кесек тұлға, кең пішілген нар мүсін, Аппақ басы секілді бір қарлы шың, Қайталанбас қайраткері қазақтың, Алатаудай көкем менің, армысың!
Димаш аға! Дидарыңыз — жарық күн, Ұранысыз қазақ деген халықтың. Саясаттың дауылында сынбаған, Өзіңізсіз — бәйтерегі тарихтың.
Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін, Қорғадыңыз ел мен жердің намысын. Тарих өзі таразылар, танытар, Ұлы қазақ — Қонаевтың сан ісін.
Бұл тірлікте әркімдерді «Сіз» дерміз, Бірақ түбі ірілерді іздерміз. Ей, ағайын! Мына отырған дәу шалдың, Байлығы да, баласы да біздерміз.
Алаламай үш жүздің бар баласын, Ұлттың ұлы болған адам — Дана шын. Қонаевты бойда қаны бар қазақ, Қорықпай-ақ Әулие ата санасын.
Үлкен ағаш ұрынады желге көп, Қиын тағдыр бұйырады ерге дөп. Қаңғып келген шүрегейдің қорлығын, Қадірлі аға, ұмытыңыз елге кеп.
Бүгін бізден бақытты ел бар ма екен, Бүгін Сізден бақытты ер бар ма екен. Қабыл болсын қалың елдің тілегі, Құдай сізге қуат берсін, нар көкем!
1992 жыл.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




