Тәуелсіздік - тәу етер құндылық
Ұлт үшін Тәуелсіздік күнінің маңызы ерекше. Айтулы күні өңірімізде де бірқатар іс-шаралар өтті. Мереке күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл қою рәсіміне қатысты. Өңір басшысы Ербол Шырақпайұлы аймақтың белсенді ардагерлерімен бірге аталған монументке гүл шоқтарын қойып, азаттық жолында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым етті. Мұнан соң қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, Тараз қаласының әкімдігі, бірқатар жоғары және арнаулы оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, қала тұрғындары да гүл қойды.
Мұндай рәсім облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінде де өтті.
Тәуелсіздік күні барша жамбылдықтардың көңілдері толғанысқа толып, ерекше әсерге бөленді. Себебі, бұл – айрықша күн. Тәуелсіздік мерекесі – қазыналы қарттарымыздан бастап, бесіктегі сәбиімізге дейін мән беретін тағылымды оқиға.
Елдігіміз баянды, атқан әрбір таңымыз бейбіт әрі тыныш болғай!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




