Жұмыстың көзін тапқан кәсіп иесі
Бүгінде кәсіпкерлік салада жеңіл өнеркәсіптің алатын орны ерекше. Сондай-ақ, жастар арасында тігіншілікке ден қойғандар қатары да артып келеді. Соның бірі – Қордай ауданының тұрғыны Гүлбара Бажанова. Оның тігін бұйымдарын шығаратын цехы бар. Бұл істе оған жұбайы Қоныс Нұрымов үлкен көмекші болуда. Жас отбасы төс ек-орын, жастық пен көрпе, матрацтар мен төсемдерді тігуде. Гүлбара бұл кәсіпке бала кезден қызыққанын, бүгінде төсек жабдықтарымен қатар қыз жасауларын дайындап жүргенін айтты.
– Киім өнеркәсібі қазір жақсы дамып келеді. Өйткені, қазір базардан жаныңа керектің бәрін табуыңа болады. Неше түрлі фактурадағы жарқын маталар, фурнитура түрлері жетерлік. Ал, егер ине-жіп ұстауды меңгерген болсаң небір жауһар бұйымдар тігіп шығаруға мүмкіндік те бар, – дейді Гүлбара.
Бұл кәсіпті бастағанына жарты жылдан асса да, қолынан шыққан өніміне қызығушылық танытып, тапсырыспен тіктіртетіндер қатары артқан. Әсіресе, көрпелер мен матрацтарға тапсырыс беретіндер көп екен.
– Мен анамның киім-кешек тіккеніне қарап отырып қатты қызығушы едім. Оның қолынан небір әдемі киімдер тігілетін. Мектеп қабырғасында жүргенде еңбек пәні мұғалімі де бізге көп нәрсені үйретті. Қолөнерге деген сүйіспеншілігім бірден болмаса да, болашақ жолымды айқындады деп айта аламын. Мектепті бітіргеннен кейін университетке «Халықаралық құқық» факультетіне түстім. Мамандығым бойынша жұмыс істегеннен гөрі маған сауда саласы көбірек ұнайтын. Тұрмысқа шыққаннан кейін жұбайым екеуміз киім дүкенін аштық. Өнім ассортиментін кеңейту үшін біз нарықты зерттеп көрдік. Сөйтсек, нарықта табиғи материалдардан жасалған төсек жабдықтары сұраныста екен. Бір атап өтерлігі, жастықтар мен жүн көрпелер сәннен қалмайды. Тұтынушылар оларды қаржылық жағдайына қарамастан үнемі сатып алып отырады. Оған сұраныс та жоғары, – дейді ол.
Жұмысын жаңа бастаған сәтте олар Алматы қаласы мен Қырғыз Республикасындағы Дордой базарынан төсек жабдықтары мен көрпе-жастықты, басқа да қажетті заттарды төмен бағамен алып, дүкендерінде өткеріп жүрді. Онымен шектеліп қалмаған Гүлбара Түркия, Өзбекстан, Ресей мемлекетінің жеңіл өнеркәсіп ошақт арынан с апа лы мат а мен мықты жіптер алдырып, төсек-орын жабындарын өзі де тігіп отырды. Қолынан шыққан жабдықтары тез өтіп кетіп, сұранысты арттыра түседі. Сонымен, тігіншілік кәсіпті қайта бастауға дүкендегі жұмысы себеп болыпты.
«Адамдарға ұнайтын және ұзақ уақыт қолдануға жарайтын нәрсені жасаудың қандай ғанибет екеніне тағы да көзім жетті. Бұл қосымша бизнес ашуға түрткі болды», дейді кәсіпкер. Гүлбара өндірісте тек тігіншілік бұйымдарымен шектелген жоқ. Ол жастық- матрацтарды өзі шығарғысы келді. Сөйтіп жұбайына өндіріс көлемін кеңейту идеясын ұсынды. Ал, жұбайы болса, бірден көрпе тігу және жүн тарау машиналарының мүмкіндіктерін зерттеп, оқу- жаттығу бейнероликтерін көріп, шеберлігін шыңдауға мықтап кіріскен болатын.
Бастаған кәсібін кеңейту үшін үйдің аумағындағы қосалқы бөлмені босатты. Бес миллион теңгеге үш тігін машинасын сатып алып, орнатты. Қоныс Нұрымовтың ізденісі мен өзге мамандардан алған білімі оның жұмысын жеңілдете түскені анық.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар бұл процесті бұрын басқаша елестеткен. Яғни, мата, мақта алып, көрпені немесе матрацты толтырып, әр жерінен тігіп қойсаң, өнім дайын болады деп ойлапты. Шындығында, бәрі күрделірек болып шыққан. Сөйтсе білмейтін тұстары көп екен, білмеген жерін «Google» арқылы іздеп, қарап отырды.
Бір атап өтерлігі, жас кәсіпкерлер өз өндірісінде тек жоғары сапалы шикізатты пайдалануда. Олар негізгі өндірістен бөлек, жастық пен матрацтарды қалпына келтіруге халықтан тапсырыс қабылдайды. Төсек жабдықтарын тігуді анасынан үйреніп жүрген үлкен қызы Әйгерім ата-анасына көмектесуде.
– Қазір ісжүзінде тауарлардың барлығы сатылып кетеді. Көрпе тігіп шығаратын өндіріс аудан бойынша бізде ғана және Шу қаласында бар. Жетістікке жетудің құпиясы – өзіңе ұнаған дүниені жасап шығару және тұтынушыға ұсыну деп ойлаймын, – дейді Гүлбара Бажанова.
Ләйлім ДОСЕМБЕКОВА,
журналист.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді