Денсаулық
Таразда бір күнде 4500 мың текше метр қар шығарылды
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2023
- 1.0k
Таразда бір күнде 4500 мың текше метр қар шығарылды
Қыс мезгілінің алғашқы айы сақырлаған сары аязы мен қалың қарды қатар ала келді. Ауа температурасының төмендеуі тұрғындарды біраз әбігерге салуда. Әсіресе, екі күннен бері тоқтаусыз жауған қар көлік қозғалысына едеуір кедергі келтіруде.
Айталық, Тараз қаласына күніне орта есеппен 12 мм қар түскен. Соған орай шаһарда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда шаһар көшелеріндегі қарды күреуге және тұз аралас құм шашу жұмыстарына серіктестік 50-ге жуық техниканы жұмылдыруда.
Нақтырақ тоқталсақ, 23 бірлік қар күрейтін, 7 бірлік жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын (тротуар) МК-320, 2 бірлік жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын (тротуар) МТЗ-82, 3 бірлік құм, қар тиегіш, келісім-шарт бойынша жалға алынған 1 бірлік құм, қар тиегіш, 1 бірлік Зил-130 аударғыш (самосвал), 2 бірлік Газ-53 аударғыш (самосвал) 4 бірлік МТЗ-82 тіркемесімен бар, 5 бірлік КАМАЗ және 2 бірлік автогрейдер техникалары қызмет көрсетуде.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Таразда бір күнде 4500 мың текше метр қар тиісті орынға шығарылды.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




