Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтар күні Берлинде Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркельмен кездеседі, бұл туралы ГФР үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Зайберттің айтуынша, кездесу Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге және қаңтар айының ортасында Астанада "норманд форматында" (Германия, Франция, Украина және Ресей) келіссөздер жүргізу мүмкіндігін талқылауға арналады. "Мұндай кездесу бола ма, қашан болады, мен оны әзірше айта алмаймын. Маңыздысы - мұндай кездесулерде нақты нәтижелерге қол жеткізу", - деді Зайберт.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, 9 қаңтар күні Ресей, Украина, Франция және Германия сыртқы істер министрлері телефон арқылы мәслихат жүргізген. Алдағы аптаның басында сыртқы істер министрлері тағы да бас қосып, Астанада келіссөздер жүргізуге дайындық мәселесін талқылайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Украина жөніндегі биік деңгейдегі кездесу 15 қаңтар күні Астанада "норманд форматында" өтеді деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдады.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




