Берекесі мол бастама
Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту, шаруа қожалықтарды қолдау туралы үнемі айтып, аграрлық салаға ерекше назар аударып келеді. Мемлекет тарапынан ауылға көрсетілген қолдаудың арқасында аяғынан тік тұрып, шаруасын жолға қойып алған ірі шаруа қожалықтар бар. Солардың бірі – Шу ауданы, Ақсу ауылындағы «Асхат» шаруа қожалығы. Атағы ауданға жайылған бұл шаруа қожалық 1 мың гектарға бидай, 1 мың гектар алқапқа арпа егіп отыр. Ал, 50 гектар пияз, 50 гектар жүгері, 30 гектар картоп та – молшылық кепілі. Аталған диқаншылық салада оншақты адам еңбек етеді. Осынша көлемдегі егістікті суару, шөбін шабу, күтіп-баптау да оңай емес. Жер-Ана да еңбек еткенге, терін төккенге береді. Оны отыздан енді асқан жас төраға Асхат жақсы түсінеді. Сондықтан, диқандардан, механизатор, сушылардан жалақыны аямайды. Шаруа қожалықта 5 трактор, 4 комбайн бар. Ауылшаруашылық техникалары мен тіркемелері жеткілікті. Техниканың көпшілігі жаңа. Соңғы жылдары лизингке жаңа трактор алып, Асхат шаруашылық ісіне қарқын беріп отыр. Механизаторларды қолдауы да көңілге қонады. Мәселен, мұндағы тракторшылар жылына 8-9 ай ғана еңбек етеді. Сол 8 айдың ішінде озат тракторшылар орта есеппен 5 миллион теңге табыс табады. Тіпті, кейде еңбегіне қарай одан да артық пайда табуына мүмкіндік бар. Озат механизаторлар Ернар Арғынбай, Берік Смағұлов, Талғат Сұлтанбековтер – істің адамы. Нұртілеу Бауырхан трактор да жүргізді, ұйымдастыру жағында да жүр. Озат еңбеккерлердің қатарында Болатбек Момышев, Азамат Батырбеков те бар. Жұмысшы, сушылардың да жалақысы жақсы.
Мұнан бөлек, аталған шаруа қожалықта мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықта 700 бас қой, 150 мүйізді ірі қара, 30 жылқы күтімге алынған. Екі малшы отбасымен осы малдарға қарайды. Олардың да жалақылары жақсы және тұрақты. Одан бөлек, әр 100 қозының 10 қозысы малшылардың еңбегіне сыйақы ретінде беріледі. Мұндай жағдай жасалып тұрған жерде береке де болады. Әділдік те болады.
Асхат Айтқожаевтың ауылға жасап жатқан қайырымдылық істері де мол. Ауылға арка салып беруде. Осы кезге дейін заманауи алтыбақан орнатып берді. Басқа да қайырымдылығы аз емес. Туған жерін гүлдендіріп, көңілін бөліп отырған азамат. Жалпы, 25 азаматты тұрақты жұмыспен, науқан кезінде тағы 50 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Бұл – ауыл тұрғындарына деген үлкен көмек.
«Енді мал шаруашылығын дамытып, асылдандыру, малды бордақылау ісін қолға алсам деген ниетім бар. Тұрақты малшы табу қиын болып барады. Біздің қожалықта еңбек етемін деген кісіге жұмыс бар», дейді Асхат Айтқожаев.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласына ауқымды өзгерістер қажет
- 3 қазан, 2024
Медицина саласында оң өзгерістер бар
- 2 қазан, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді