Денсаулық
Біздің кәсіпорындар салықты неге басқа өңірге төлейді?
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2023
- 405

Біздің кәсіпорындар салықты неге басқа өңірге төлейді?
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша кеңес өткізді. Басқосуға ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы облыс аумағында орналасқан кейбір кәсіпорындар заңды тұлға ретінде республикамыздың басқа өңірлерінде тіркелгендігіне айрықша назар аудартып, салықтық төлемдер мен міндеттемелер сол тіркелген өңірге төленуі дұрыс еместігін жеткізді.
Осыған орай, әр өңірдің экономикасы, оның қазба байлығы сол өңірде қалу маңыздылығына тоқталып, кәсіпорындарды Жамбыл облысына тіркеуді және статистикалық есептіліктерді мерзімінде тапсыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, жиында өңірдегі жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардағы міндеттемелердің орындалуы, заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан кәсіпкерлерді анықтау мәселелері де жан-жақты талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев жауаптыларға облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланып, экологиялық талаптарды сақтамаған тұлғаларды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті шаралар қабылдауды, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың барлығын заң аясында облысқа салық төлеуші ретінде тіркелуін қамтамасыз етуді, облыс көрсеткішін арттыру мақсатында статистикалық есептіліктерді өткізу бойынша шаралар қабылдауды, тау-кен өндірісіндегі өндірістік қауіпсіздікті сақтау шараларын қатаң сақтауды бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды
- 6 наурыз, 2025
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- Бүгін, 00:35
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді