Кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі биылғы 10 айда 694,5 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім 87,9 миллиард теңге болса, өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 493,9 миллиард теңгеге жеткен. Қазіргі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 109,3 мың бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға өскенін байқатты. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы жүзеге асқан жұмыстары жөнінде облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында хабарлады. Ағымдағы жылы облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 146,8 миллиард теңгені құрайтын барлығы 41,6 мың кәсіпкерге несие берілді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 23,2 миллиард теңгені құрайтын 1049 жобаға қолдау көрсетілді. Биылғы бірінші жартыжылдықта облысқа 52,1 миллион АҚШ доллары тартылды. Жыл соңына дейін 130 миллион АҚШ долларына дейін тікелей шетелдік инвестициялар тарту көзделуде. Жалпы, биылғы қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 364,7 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестиция 305,2 миллиард теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,1 пайызға артты, – дейді басқарма басшысы Аспандияр Мұраталыұлы.
Оның айтуынша, облыстың сыртқы сауда айналымы қаңтар-қыркүйек аралығында 596,8 миллион АҚШ долларын құрап, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 30,6 пайызға төмендеп, импорт 23,4 пайызға артқан. Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағытында «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы жұмыс істеуде.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді