Байзақта 240 пәтер беріледі
Облыс орталығына жақын орналасқан Байзақ ауданында жыл өткен сайын халық саны көбейіп, ол бүгінде 110 мыңға жетті. Мұндайда тұрғын үй мәселесінің туындайтыны белгілі. Бүгінде тұрғын үй кезегінде – 1500, жер телімі кезегінде 10 мың адам тұр екен. Бұл мәселені шешу үшін аудан орталығында көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, Сарыкемер ауылына Тараз қаласы жағынан кіреберіс жол бойына көпқабатты 10 үй салу жоспарланған. Оның әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінгі таңда олардың жобалық-сметалық құжаттары алдын ала дайындалып, тиісті орындарға өткізілген. Енді міне, солардың төртеуіне қаржы бөлініп, іргетастары құйылып, қабырғасын көтеру жұмыстары жалғасын табуда.
– «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жерден 4 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде бірінші үйдің іргетасы құйылып, панельдері қойыла бастады. Екінші үйдің іргетасы да қалануда. 3-4-үйдің жертөлесі қазылып, іргетасын құюға дайын тұр. Осылайша аталған 4 үйде құрылыс жұмыстары қатар жүргізілуде. Біз аталған үйлерді осы жылдың соңына қарай пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – дейді құрылыс учаскесінің бастығы Дамир Ақылов.
Оның айтуынша, төрт үй салынып жатқан алаң қоршалған. Ал, оның сыртындағы үйлердің жылыту қазандықтарын «Д и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде бұл жұмыстардың 80 пайызға жуығы атқарылған. Осылайша, жаңа жыл қарсаңында ауданымыздағы 240 отбасы жаңа қоныс тойын тойлауы бек мүмкін.
Сүндетулла ӘБІЛОВ,
журналист.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді