Кім-кім де өзі тұратын жерінің көркем, сәніне сәулеті сай болғанын қалайды. Суханбаев ауылдық округіне қарайтын үш елді мекеннің бірі – біздің ауылда да өркенді өзгерістер көп-ақ. Дейтұрғанмен, қынжыларлық жайлар да жоқ емес. Соның ең бастысы, таза ауыз суға ділгір болып отырғанымыз. Рас, бұл мақсатқа – екі жерден жаңадан құдық қаздыруға кезінде біраз қаражат бөлінгендігінен хабардармыз. Бірақ бұл жұмыстарды жүргізуді мойнына алған мердігерлік ұйым жерасты су қорларын барлап, бұрғылап әуреленген де жоқ. Олардың ісі бұрынғы ескі құдыққа тереңнен су тартатын сусорғы құрылғысын орнатумен шектелді. Одан кейін де ауыз суға жари қоймадық. Тиісті орындарға шағымданғанымызбен, бәрібір іс түзеліп кетпеді. Алғашқы ретте құбыр арқылы жылымшы, тоқтау су жіберіліп келсе, енді лай суды шелектеп алып, тұндырып барып ішетін халге жеттік. Бұл тірлігіміз енді қашанға дейін созыларын кім білсін?! Тағы бір жай, орталықтағы Кеңестер Одағының Батыры Ағаділ Суханбаев атындағы үлкен көшенің жарықтандырылмай тұрғанына екі жылдан асып барады. Басқа төрт көше асфальтталған, ал Батыр атындағы көше тастақ жол, шаңы шығып жатыр. Келер жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Міне, осындай сын сәтінде Ағаділ батыр көшесінің қараусыз жатуы айтуға ұят-ақ іс қой.
Ермек ТОҚЫМБАЕВ, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жақаш ауылы, Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




