Жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтейтін сотталған азаматтар спорттық-мәдени шаралардан тыс қалған емес. Мәселен, бірер күн бұрын облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері аталған түзеу мекемесіне келіп, бұқаралық спорттың бірнеше түрінен сотты болғандар арасында жарыс ұйымдастырды. Бұл күні жазасын өтеушілер қол күресі мен шахмат сынды спорт түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс соңында белсенділік танытқан қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан грамота мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




