Жамбыл облысында тоқыма кластерін дамыту жоспарлануда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жамбыл облысының шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестікті, тығыз өңіраралық өзара байланысты нығайтуға баса назар аударылды.
Аймақ басшысы Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады.
Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерге көңіл бөлді.
- Креативті индустрияны дамытуда өңірімізде тігін, тоқыма кластерін құруға ерекше назар аудару маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Бұл экономика өсімінің жаңа көздерін құруға, инвестициялық және туристік ағымдарды тартуға мүмкіндік береді. Біз жоғары бизнес-әлеуетке ие болашағы бар шығармашылық бастамаларды қолдауға дайынбыз,-деді Ербол Қарашөкеев.Облыс әкімі кездесуде талқыланған жобаларды жан-жақты зерделеу, шетелдік компаниялармен тығыз байланыс орнату бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




