
Тәуелсіздігімізбен түйдей құрдас Әсетті жергілікті халық жақсы біледі. Өйткені біраздан бері қолына домбыра алып, дүйім жұрттың алдында өз өнерін паш етуден талмай келеді. Айтыс әлеміне өз жаңалығымен келуді мақсат тұтқан ол Байзақ ауданының тумасы. Осы уақытқа дейін облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, «Хабар» арнасындағы «Жастар жырлайды» жобасында да ерекше көзге түскен Әсет үшін үстіміздегі жыл өте жемісті жыл болып отыр. Ол биыл республикалық бірнеше айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері атанып, өңір беделін арттыра білді. Атап айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған Ақтау қаласындағы «Береке басы – бірлікте» айтысында 1-орын тұғырынан көрінсе, өз облысымызда өткен «Отаным – тірегім, Отбасым – жүрегім» атты республикалық айтыста жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Ал Қарағанды облысының 85 жылдығына орай өткен айтыстың 3-орын жүлдегері атанып, облыс намысын абыроймен қорғады. Сондай-ақ, ол жуырда Астана қаласында өткен «Мәңгілік Ел – мұратым» атты Алтын домбыра айтысына қатысып, ерекше көзге түсті. Жас айтыскер үшін биылғы жылдың ең басты жетістігі сол оның республикадағы айтулы ақындардың тобына өз екпінімен, өз үнімен қосылғандығы болып отыр. Әзімбектің мақамын қайта жаңғыртқан жас ақынның қарымын айтыс абызы Жүрсін Ерман да жоғары бағалады. Жылқы жылында толағай табысқа жеткен ол қой жылында да биіктен көрінсем дейді.
Ұқсас жаңалықтар
Дархан десе, дархан еді...
- 1 мамыр, 2025
«Мені ешкім, ешқашан өзге ұлт өкілі деп бөлген емес»
- 1 мамыр, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді