Әдебиет әлеміне өз ерекшелігімен келген жас ақын Хамит Есаман жасы жиырмадан енді асқан кезде-ақ әдеби ортада өзін мойындата алды. Бүгінде облыстық «Арай» жастар газетінде бөлім меңгеруші болып қызмет жасайды. Жасын жырларымен талайдың көзіне түскен Хамиттің ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі», 2013 жылы «Жазушы» баспасынан «Қараша хаттары» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Осы уақытқа дейін бірнеше республикалық, халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы атанған оның өлеңдері республикалық басылымдарда дүркін-дүркін жарияланып келеді. Хамиттің ағымдағы жылғы жетістіктері жетерлік. Айталық, Әзімбек Жанқұлиев атындағы облыстық жас ақындардың мүшәйрасында бас жүлдені жеңіп алса, Астана қаласында өткен XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің II дәрежелі лауреаты атанды. Сондай-ақ, жуырда Атырау қаласында өткен көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов атындағы «Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім...» атты жыр-мүшәйрасында жүлделі екінші орынды қанжығаға байлады. Одан өзге бірнеше додаларда өзін жақсы қырынан көрсете білген Хамит үшін жылқы жылы табысты болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді