Саясат
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр
- author «Ақ жол»
- 29 қазан, 2023
- 657
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қоңырау шалып, Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтты.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары 3 қараша күні Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы X саммитінің күн тәртібін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және барша түрік халқын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қарағандыдағы кен орнында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Сондай-ақ көңіл айту жеделхаттарын Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Президент Әкімшілігінің басшысы Мансур бен Заид Әл Нахаян, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, БҰҰ миграция жөніндегі халықаралық ұйымының бас директоры Эми Поуп және басқалар жолдады.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




