«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Балалар көңілін тапқан «Көгершін»

Балалар көңілін тапқан «Көгершін»
ашық дереккөз
Балалар көңілін тапқан «Көгершін»
Жуалы ауданындағы Т.Әкімов атындағы орта мектебімен жапсарлас «Жетітөбе» бөбекжай- бақшасы орналасқан. Мектепке дейінгі мекемеге бұрылып, бүлдіршіндердің шат күлкісіне куә болдық. Балабақша меңгерушісі Әйгерім Күзенбаевамен бірге бірқатар топтарды, дәрігерлік бөлмені аралап көрдік. «Көгершін» ортаңғы тобының бүлдіршіндері бізді тақпақ айтып қарсы алып, балаларға арналған әндерді орындап берді. Бұл ретте тәрбиеші Зухра Әмірованың, көмекші тәрбиеші Әсемгүл Есенәлиеваның еңбегін атап өтуге болады. Балабақшаның жетістігі аз емес. Мәселен, тәрбиеші Ділдакүл Әмірова аудандық «Үздік тәрбиеші» байқауының жүлдегері атанса, әдіскер Ақбөпе Әлімбетова облыстық «Үздік әдіскер» байқауында жүлделі үшінші орынды иеленіпті. Мұнда балалардың ұлағатты тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалған. Топтардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтылған. Балаларға берілетін тамақ түрлері де сапалы. Ас мәзірі сүт тағамдарымен, жеміс-жидекпен қамтылған. Осындағы сапалы жұмыс жайлы мекеме меңгерушісі Әйгерім Күзембаева: – Бізде тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Олардың қол жеткізген жетістігі де жоғары. Мәселен, тәрбиешілер Динара Болысбаева 14 жылдан бері еңбек етсе, Забира Оразымбетованың 10 жыл өтілі бар. Мейірбике Айсұлу Ахметованың да еңбегі ерекше. Балабақша қызметкерлерінің бәрі бүлдіршіндерге тағылымды тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүр, – дейді.  

Есет ДОСАЛЫ

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар