Үлгілі мектебіндегі ұлағатты кеш
Республика күні қарсаңында, Үлгілі орта мектебінде «Өркендей бер, өр елім!» атты іс-шара аясында ақын, сазгер, Жазушылар одағының мүшесі Қасқырбай Нарбатырмен кездесу кеші өтті. Кешті мектеп директоры Нүркен Кенжеқұлов ашып, ақынның ұлағатты өмір жолына тоқталды. Мұнан соң Қасқырбай ақынның өлеңдерін зерделі оқушылар Кәусар Баймахан, Жанерке Тәкіш, Аяулым Бейсенқұл, Ақерке Бақтиярова жатқа оқыды. Кеш барысында әнші Әлмахан Исабаев кеш иесінің «Отаным», «Сарыкемерім», «Байзақ жері», «Өмір өтпелі», «Барына сен» патриоттық әндерін жүрекке жеткізе орындады. Кеш барысында ақын Қасқырбай Нарбатыр ұстаздар мен шәкірттерге алғысын айта келіп: «Аяулы оқушылар, сендер бақыттысыңдар. Тәуелсіз елде алаңсыз білім алып жатырсыздар. Бұл жетістік – ержүрек аға-әпкелеріңнің батырлық еңбегінің жемісі. Отан – жалғыз. Отан – баршамыздың байлығымыз. Отанға құрметтерің жоғары болсын, балалар», – деп ағынан жарылды.
Кештің жоғары деңгейде өтуіне мектеп директорының орынбасары Динара Мелдебекова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Дәрібаева ерекше үлес қосты.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді