«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Білім саласының майталманы

Білім саласының майталманы
ашық дереккөз
Білім саласының майталманы
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, үздік мұғалімдер – мектептің бағы. Ондай ұстаздар оқушының да шамшырағын жаға алады. Мұғалімдер арасында республикалық бірнеше байқауда жеңімпаз атанған меркілік Айгүл Мұсаділованы осындай озаттар қатарына қосуға болады.   Үйдің беріктігі іргетасынан десек, білімнің іргетасы бастауыш сыныптың партасынан қаланса керек. Айгүл Мұсаділова – Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. Тараз педагогикалық институтының түлегі. 30 жылдан бері ұстаздық жасап келеді. Айгүл Әтінқызы «Диалогтік оқу модуліндегі зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс атқарып жүр. Облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпидасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, облыстық сынып жетекшілер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталыпты. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденістері үшін І дәрежелі дипломға ие болды. Айгүл Әтенқызының 2017-2018 оқу жылында ұстаздарға арналған «Үздік шығармашылық жұмыс» атты І-Республикалық оқытушылар конкурсында «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру» жұмысымен І орынға ие болғанын әріптестері мақтаныш етеді. Халықаралық ұстаздар одағы «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін ІІ дәрежелі диплом алуы – еңбегінің жемісі. «ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны» атты республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталғанына шәкірттері өте қуанышты. Ұлағатты ұстаз сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. «Педагог ізденісі» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал редакциясы ұйымдастырған «Үздік авторлық материал» тақырыбында өткен байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қорыта айтқанда, Айгүл Мұсаділова өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, әріптестерімен сыйластығы қалыптасқан, оқушылардың құрметіне ие болып жүрген мұғалім.  

Есет ДОСАЛЫ

Меркі ауданы

Ұқсас жаңалықтар