«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Сбербанктің» сыйы

«Сбербанктің» сыйы
ашық дереккөз
«Сбербанктің» сыйы

Ләззат Талғатқызы, ТарМУ-дың баспасөз қызметкері.

Жаңа жыл қарсаңында «Сбербанк» акционерлік қоғамы студенттерге тамаша тарту жасады. Банк берген білім грантына М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Айдана Дүйсенбекқызы және Жамбыл медициналық колледжінің 3-курс студенті Аят Алтынханов ие болды. Бұл – олар үшін жылқы жылында жасалған ең үлкен жақсылық екені анық. «Елбасымыз Жолдауларында жастардың алаңсыз білім алуына барлық жағдайды жасау керектігін үнемі айтып келеді. Банктің қайырымдылық гранттары бағдарламасының мақсаты да – еліміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқуға қаражаты жетпейтін, әйткенмен академиялық үлгерімі жақсы студенттерге қолдау көрсету. Біз осындай игілікті ісіміз арқылы жастардың білім алуға деген ынтасын арттыруды көздейміз. Себебі, барлық салаға білікті мамандар қажет. Ал өскелең ұрпақ білім алып, маманданса, экономика да дамиды», – дейді «Сбербанк» АҚ-ның директоры Берік Ақшалов. Білімге құштар, бірақ әлеуметтік қолдауға зәру жастар көп. Оқу ақысын төлеуде қандайда бір жеңілдік алу үшін барын салып тырысып жүргендерді жиі кездестіреміз. Дегенмен, ондай мүмкіндік бәріне бірдей бұйыра бермейтіні белгілі. Сондықтан, «Сбербанктің» қайырымдылық гранты студенттерге тамаша тосын сый болды.

Ұқсас жаңалықтар