
Жобалар аясында бағыт-бағдар берілді
Аса ауылында жалғызбасты аналардың, әлеуметтік осал топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен кездесу өтті. Жиында «Азаматтық технологиялар» тақырыбында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау жайы талқыланды. Сонымен қатар, арнайы әзірленген жоба аясында мемлекеттік қызметтерді дұрыс алуды, сұраныстар мен өтініштерді толтыруды, күнделікті өмірде туындайтын мәселелер төңірегінде қатысушыларға әр сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі сауалдар бойынша кеңес берілді. Басқосуға «Феникс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балжан Абдуллаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Жамбыл аудандық филиал директоры Нұрбол Қуанышбеков, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің психолог маманы Ғалия Әбдісаттар және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің маманы Ақмарал Әбдреймова қатысты.
Балжан РАХЫМБЕРЛІҚЫЗЫ,
«Феникс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Балық пен көкөніс өсіруге арналған
- 24 сәуір, 2025
Бұл – жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді