Тараздағы тартысты ойын

Тараздағы тартысты ойын
ашық дереккөз
Тараздағы тартысты ойын
Өңірімізде ересектер арасындағы көкпардан – Қазақстан Республикасының ХХIІ чемпионаты өтуде.Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі. «Ұлттық ат спорты ойындары халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлттық құндылығы, ұрпағымыздың жоғалмас бойтұмары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бүгінде ат спорты ойындары қарышты қадамдармен дамып келеді. Жылқының қадірін білетін дана халқымыз «Ат – ердің қанаты» деп қастерлеген. Бүгінгі өткізіліп отырған жарыс осының айғағы», – деді облыс әкімінің орынбасары. Бұдан кейін Қанатбек Қайшыбекұлы Қытай Халық Республикасының Ханчжу қаласында өткен Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары, Әулиеата жерінің спорт майталмандары Асланбек Шымбергеновті, оның жеке бапкері Ермек Ертаевты және Бекәділ Шаймерденов пен бапкері Рахымжан Қожатаевты марапаттады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының Вице-президенті, бас хатшысы Тастанбек Есентаев бүгінгі ат спорты ойынына қатысушы шабандоздарға жеңіс тілеп, ат құлағында ойнаған азаматтардың ерлігін ерекше бағалайтынын жеткізді.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар