Оқушылар – өрт сөндірушілерде қонақта

Оқушылар – өрт сөндірушілерде қонақта
ашық дереккөз
Оқушылар – өрт сөндірушілерде қонақта
Өрт сөндіру бөлімдерінде ұйымдастырылатын оқушыларға арналған экскурсиялар барысында келушілерге құтқарушылар кәсібі, өрт сөндірушілердің жұмысы туралы айтылып, балалардың өмір қауіпсіздігі саласындағы білімдерін одан әрі жетілдіруіне мол мүмкіндіктер беріледі. Сондықтан, мектеп оқушылары облыстың құтқару бөлімшелерінде жиі қонақта болады. Осындай экскурсияның бірі жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаевтың тікелей қатысуымен өткізіліп, бұл жолы Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп- гимназияның 9-сыныбында оқитын 53 оқушысы қонақ болды. Оларды Тараз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қарсы алып, Ермек Жамбылұлы өрт сөндірушілермен бірге балаларға өрт техникасы мен жабдықтарын көрсетті. Сондай- ақ, балалар апаттар медицинасы орталығының қызметімен де танысуға мүмкіндік алды. Бұдан соң оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. 2021 жылдың 26 тамызында қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан 10 өрт сөндіруші- құтқарушы батырларға арналған мұражайға бас сұғып, сол күні орын алған оқиғалар туралы деректі фильмді тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар облыстың өртке қарсы қызметінің қалыптасу тарихы туралы білімдерін жетілдірді. Іс-шара барысында балаларға өрт-құтқару спорты туралы да ақпарат берілді. Сондай-ақ, құтқарушылар оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар