Денсаулық
Cейсмикалық қауіпсіздік мәселесі талқыланған симпозиум
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2023
- 236
Cейсмикалық қауіпсіздік мәселесі талқыланған симпозиум
Халықаралық жиынды Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы және Қытай жер сілкінісі әкімшілігі жанындағы Шыңжаң- Ұйғыр автономиялық ауданының Жер сілкінісі жөніндегі агенттігі бірлесіп ұйымдастырды. Симпозиум аясында сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді бақылау, сейсмикалық қауіпті бағалау, табиғи және техногендік жер сілкіністерінен болатын залалды азайту әдістері мен технологияларды енгізу және жер сілкінісіне төзімді құрылыс тәжірибелері туралы талқыланды. Қазақстан – Қытай симпозиумы халықаралық мәртебеге ие болғандықтан, конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Норвегия, Ұлыбритания және АҚШ- тан онлайн және офлайн режимде сейсмология саласындағы 130-дан астам ғалымдар мен мамандар қатысты. Жиында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин сөз сөйледі. «Қазіргі уақытта біздің планетамыздағы жер сілкінісі қаупі бар аймақтардың тұрғындары мен аумақтарының сейсмикалық қауіпсіздігі мәселелері айтарлықтай өзекті болып отыр. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, сондай- ақ Орталық Азияның көршілес мемлекеттерін атап айтуға болады. Айта кету керек, Қазақстан төтенше жағдайлардың барлығына дерлік бейім, олардың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Халықты қазіргі қауіп-қатерден сенімді қорғауды қамтамасыз ететін сейсмикалық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін құру республика ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі факторы болып табылады», деп атап өтті Р.Амрин.
Қазақстан – Қытай халықаралық симпозиумының жұмысына Жамбыл облысынан Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Талғат Айтбаев қатысты. «Жамбыл өңірі Қазақстандағы ерекше сейсмикалық белсенді аймақ болып табылатындықтан, халықаралық жиында бұл мәселенің талқылануы облыс тұрғындары үшін де өте маңызды. Өйткені, соңғы 50 жылда облыс аумағында ауыр экономикалық зардаптарға әкелген екі жер сілкінісі – 1971 жылы Жамбыл қаласында және 2003 жылғы Луговой ауылында орын алған. Ал, күші 2-3 балдық шағын жер сілкіністері өңірімізде жылына бес ретке дейін тіркеледі. Одан бөлек, сейсмикалық жағдайда жер сілкінісін болжаудың сенімді әдістерінің жоқтығынан жер сілкінісінің қашан, қайда және қандай күшпен болатынын дәл анықтау және айту мүмкін емес», – дейді Т.Айтбаев.
Расында да Алматыда өткен халықаралық жиында осындай тақырыптарды талқылау қазақстандық ғалымдардың одан әрі жүйелі жұмыс істеуіне және облыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен тәжірибе беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, симпозиум қорытындысымен оған қатысушы елдер жаңа технологиялармен өзара алмасу үшін бірлескен шешім қабылдағанын атап өткен жөн.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді