«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған семинар-тренинг өтт

Аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған семинар-тренинг өтт
ашық дереккөз
Аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған семинар-тренинг өтт
Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек күндері Жамбыл облысы, Мерке ауданында («MERKE RADON» шипажайында) Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «АУДАНДАР МЕН ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫН ДАЙЫНДАУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» тақырыбы бойынша аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке өкілеттілігін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-тренингті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен және оқу бағдарламасымен таныстырды. Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы АСК-ның төраға, төраға орынбасары және хатшыларының кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында – Әлфараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты — Әлпенов Серік Мейрамұлы, және заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр Аппазов Алмас Акланұлы дәрістер оқыды. Семинар барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан да дәрістер оқытылды. Оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар мен дебаттар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Т.Рысқұлов ауданы әкімінің пилоттық сайлауына дайындық барысы туралы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы — М.Тлепов жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов екі күндік семинарды қорытындылай келе, семинар-тренингке қатысушылардың алған білімдері бойынша тапсырған тестілеудің қорытындыларымен таныстырып, тиісті сертификаттарын тапсырды. Сондай-ақ, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссияларының төрағаларына 2023 жылдың 5 қарашасына тағайындалған Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің пилоттық сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде заң талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы.

Ұқсас жаңалықтар