Денсаулық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ МЕН МОНЕТАЛАРЫНЫҢ ТӨЛЕМДІЛІГІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2023
- 284
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ МЕН МОНЕТАЛАРЫНЫҢ ТӨЛЕМДІЛІГІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнота және 2011-2022 жылдар аралығындағы үлгідегі номиналдары 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік банкноталар, сонымен қатар, ұлттық валютаның 15 жылдығына шығарылған, 2008 жылғы үлгідегі, басым түсі күңгірт қоңыр-қызыл, құны 5000 теңгелік банкнота, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнота, 2011 жылғы Қазақстандағы VII Азия ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкнота, Қазақстан Республикасының «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалық етуіне арналған, 2011 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнота, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, 2011 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнота және «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған 2013 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкнота заңды төлем құралы болып табылады. Сонымен қатар, 1997-2022 жылдары шығарылған «нибрасс» қоспасынан жасалған сары түсті номиналы 1, 2, 5, 10 теңгелік, «нейзильбер» қоспасынан жасалған ақ түсті номиналы 20, 50 теңгелік, ішкі дискісі «нейзильбер», сыртқы дискісі «нибрасс» қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік және сыртқы сақинасы «нейзельбер», ішкі дискісі никельді жезді қоспасынан жасалған 200 теңгелік монета үлгілері де заңды төлем құралы болып танылады.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігі олардың Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілеті болып табылады. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретінде күшін жоймаған, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген банкнот көлемдерінің 70%-нан (жетпіс пайыздан) кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған түпнұсқа банкноттар жатады. Төлем монеталарына заңды төлем құралы болып табылатын, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, бүліну сипатына қарамастан аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе гуртында (қырында), сондай-ақ биколорлыққа жататын монеталардың (түрлі металдардан дайындалған екі және одан көп құрамдас бөліктерден тұратын монета) екі бөлігінде жазбаша және (немесе) цифрлық белгілерін сақтап қалған түпнұсқалық монеталар, оның ішінде ақаулы (зақымданған) монеталар жатады.
Уәкілетті банктерге келіп түскен төлемге арналған тозған банкноттар, ақуалы (зақымданған) монеталар сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді, Ұлттық Банктің филиалдарына беріледі және айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталады.
Төлем қабілеттілігі мен айырбастау мүмкіндігі жөніндегі мәселелерді шешу үшін Ұлттық Банктің филиалдары банкноталарды сараптамаға қабылдайды. Сараптама төлемге қабілетті деп таныған банкноталар жарамды банкноталарға айырбасталады. Ұлттық валютаның бүлінген ақша белгілерін айырбастау (оларды Ұлттық Банктің филиалына сараптамаға жіберуді және сараптама нәтижелерін алуды қоса алғанда) тегін жүргізіледі. Айырбасталатын ақша белгілерінің сомасына шектеу қойылмайды.Ұлттық Банк белгілеген банкнота мөлшерінен 50% (елу пайыздан) кемі сақталған күмәнді банкноталар, сондай ақ айналыстан алынған, өтелген, белгілері тесіктері бар банкноталар төлемге жарамсыз болып табылады. Төлемге жарамсыз банкноталар айырбасталмайды және ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру үшін қабылданбауы тиіс.
Уәкілетті банктерге келіп түскен төлемге арналған тозған банкноттар, ақуалы (зақымданған) монеталар сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді, Ұлттық Банктің филиалдарына беріледі және айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталады.
Жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айналыстағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын қабылдаудан бас тартуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206 бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары ескерту немесе айыппұл салуға уәкілетті.
Қолдан жасау белгілері бар (ішінара қайта жасауды қоса алғанда) ақша бегілері клиентке қайтарылмайды, төлем жасауға қабылданбайды, басқа ақша белгілеріне айырбасталмайды және құқық қорғау органдарына берілуі тиіс.Ақша белгілерін қолдан жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қолдан жасалған белгілері бар (жалған) ақша белгілерін өзінде анықтаған азаматтар, ішкі істер органына немесе қаржы полициясына хабарлауы керек.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары айналыстан алынған 2006 жылғы үлгідегі 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталарды мерзімі бойынша қандай да шектеусіз айырбастауға қабылдайды.
Ұлттық валютаның ақша белгілерінің төлем қабілеттілігі және қорғаныш элементтері туралы сұрақтар бойынша толықтай ақпараттар алу үшін Ұлттық Банктің ресми-интернет ресурсындағы «Ұлттық валюта» бөлігінен банкноттар мен монеталардың ұсынылған ресми сипаттамасынан және Ұлттық Банктің әлеуметтік желісі «YouTube» арнасынан теңгенің қорғаныш элементтері туралы бейне роликтерден біле аласыз.
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді