«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Талай мүмкіндікке жол ашты

Талай мүмкіндікке  жол ашты
ашық дереккөз
Талай мүмкіндікке жол ашты

22Күлтай БАЕТОВА, кәсіпкер.

Біз ежелден еркіндікті сүйген халықпыз, сондықтан бұл жолда ұлы жетістіктерге қол жеткізу қазақ үшін заңдылық. Тұғырлы Тәуелсіздік те қанымызға сіңген қайратты рухымыздың, бостандыққа деген үздіксіз ұмтылысымыздың нәтижесі. Биік рух, берік ынтымақ және халқымыздың адал еңбегі егемендік туы төбемізде желбіреген санаулы жылдар ішінде мемлекетіміздің мәртебесін көкке көтерді. Бұл туралы Елбасымыз жақында Астанада Тәуелсіздік күніне арналып өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде де айрықша айтып өтті. Өткенге көз тастасақ, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар мен бүгіннің арасында талай іс тындырылғанын айқын аңғаруға болады. Осыдан он-он бес жыл бұрын халықтың біразының көкейінде келер күнге деген үміттен гөрі күдік басымдау болғаны да жасырын емес. Алайда, әр қазақстандықтың бабалар мұрасы алдындағы жауапкершілігі мен ұлттық намысы барлық қиындықты артқа тастатты. Тәуелсіздіктің әр таңы үшін кеудемізді қуаныш пен мақтаныш сезімі қатар кернесе, өткенімізге де өкпе артуға болмайтынын есте ұстау керек-ақ. Адам да, қоғам да қиындықтар мен тосқауылдар арқылы шыңдалады. Сондықтан, Елбасымыз жуырда отандық жетекші телеарналардың өкілдеріне берген кең көлемді сұхбатында да тәуелсіздігімізге құрметпен қарап, оның келген жолын санада мұқият ұстап, ұмытпағанымыз абзал екенін айтқан. Қазіргі жаһандану дәуірін егемен ел сипатында қарсы алған тұста, әлемнің экономикалық тұрғыдан ілгері мемлекеттерімен терезені тең ұстау басты мақсатымыз болып отыр. Бұл ретте, алдымен ішкі әлеуетті арттырып, барлық құрылымдар жұмысының тиянақты жүргізілуін басты назарға алу керек. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, орта және шағын кәсіпкерлікті әлемнің озық тәжірибелеріне, заманауи технологияларға сүйене отырып дамыту зор маңызға ие. Бүгінгі күннің көрінісі айқындағандай, бұл бағыттағы тірліктерге халық етене жақындай түскен. Ішкі, сыртқы нарыққа өнім дайындап, тауар шығарумен айналысатындардың қарасы күн санап көбейіп келеді. Осы арқылы жұмыссыздық мәселесі оң шешімін табуда. Жастардың қандайда бір кәсіптің көзін табуға деген құлшынысының өзі бір бөлек әңгіме.

Ұқсас жаңалықтар