Алимент төлемегендерге әкімшілік іс қозғалды
Қордай ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау мақсатында жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың заңдылығына талдау жүргізді. Биылғы жылдың 9 айында аудан прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 5 адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік іс қозғады. Алимент төлемеген борышкерлерге 2-ден 5-тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылып, жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден негізсіз жалтарған, берешегі 3 миллион теңгеден асатын борышкерге қатысты Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда іс сотқа дейінгі тергеп- тексеру барысында.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасы биыл 21 тамызда кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру бойынша бо с жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде, алимент берешегі бар 2 борышкер тұрақты жұмыс орнына ие болса, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алды. Бұдан бөлек, 24 борышкер жұмысқа орна ласу үшін сұхбатт асуға жіберілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




