«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Партиялық жұмыс бақылауды қажет етеді

Партиялық жұмыс бақылауды қажет етеді
ашық дереккөз
Партиялық жұмыс бақылауды қажет етеді

Жуырда «Нұр Отан» партиясының аумақтағы барлық филиалдарының ішкіпартиялық және қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеріп, талдау жасайтын әрі тек партияның облыстық ұйымының конференциясы алдында ғана есеп беретін облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының отырысы өтті. Онда комиссия төрағасы Мырзақасым Байбеков «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының 2014 жылы атқарған жұмысының қорытындысы және алдағы міндеттер туралы» хабарлама жасады. Төрағаның айтуынша, комиссия мүшелері жыл аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық бақылау-тексеру комиссиясының ағымдағы жылдың 5 мамырындағы №1 қаулысымен бекітілген жаңа ережесі мен стандартына сай партияның Тараз қаласы мен аудандарындағы аумақтық филиалдарының ішкіпартиялық және қаржы-шаруашылық жұмыстарына тексерулер жүргізіп, талдау жасауды қамтамасыз еткен. Биыл комиссияның үш отырысы өткізіліп, соның екеуінде тексеру қорытындылары бойынша партияның тиісті аумақтық филиалдары басшыларының есептері тыңдалыпты. Сонымен қатар, бақылау тексеру комиссиясы партияның облыстық филиалының ХIV есеп беру-сайлау конференциясында есеп беріп, аталған форумда комиссия құрамы мемлекеттік қызметте ысылған және партияның қоғамдық тапсырмаларын орындауда үлкен тәжірибесі бар партия мүшелері есебінен қайта жаңартылып толықтырылғаны айтылды.

Хабарламадан биыл партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдарында ішкіпартиялық және қаржы-шаруашылық жұмыстарының қалыпты болғандығы, жиналған қаржының негізінен қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру мен өткізуге, көрнекі құралдар мен баспа өнімдерін әзірлеуге, байланыс қызметінің төлемдері мен басқа да қажеттіліктерді өтеуге жұмсалғандығы белгілі болды. Басты міндеті партия жарғысы талаптарының орындалуын бақылау болып табылатын партияның облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясы партияның аумақтық филиалдарындағы бухгалтерлік есеп және есептілік жұмыстары мен салық төлемдерінің дұрыс рәсімделуіне бақылау жасаған, шығындар сметасының орындалуы мен белгіленген лимиттердің сақталуын, материалдық активтердің түгелдігін назарда ұстаған, партия мүшелерінен мүшелік жарналардың уақтылы және толық жиналуын, олардың есепке алынуы мен аударылуын қадағалап отырған. Комиссия төрағасы әріптестерін комиссияның алдағы жылы атқаратын жұмыс ауқымымен таныстырып, міндеттерін нақтылады. Басқосуда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрқасым Үкібаев комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары мен тексеру кестесі туралы хабарлама жасап, комиссияның бекітуіне ұсынды. Комиссия күн тәртібінде қаралған екі мәселе бойынша қаулы қабылдады. Партияның облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының отырысына филиал төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат қатысып, сөз сөйледі.

Сапарғали Әлібай,

«Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар