«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әлеуеті зор кәсіпорын

Әлеуеті зор кәсіпорын
ашық дереккөз
Әлеуеті зор кәсіпорын
Қазақстан экономикасының негізгі құрушысы – шағын және орта кәсіпкерлік әлеуеті. Жыл өткен сайын мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын арттыруда түрлі шара қолданып, заң талабын жеңілдетуге жағдай жасалуда. Соған байланысты іскер азаматтардың өндірісі өркендеп, жұмыс орындары көбейіп, шағын және орта бизнес тарапынан экономикаға қосылар үлес те артып келеді. Жақында «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, бас директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусовпен зауыттың тыныс-тіршілігі туралы әңгімелескен едік. Оның айтуынша, былғары комбинатының жұмыс істеп келе жатқанына биыл 62 жылдай уақыт болған. Зауыт ерлер мен әйелдерге және әскери қызметкерлерге арнап аяқ киім, жұмыс киімдерін шығарумен айналысады. Бүгінде серіктестік Қытайдан жаңа тігін машиналарын сатып алған. Өткен жылы кәсіпорын 239 мың жұп түрлі аяқ киім шығарса, биыл 250-260 мың аяқ киім шығаруды жоспарлап отыр. Кеңес Одағы кезінде мұнда 7,5 мың аяқ киім мен былғары өңдеуші жұмыс істеп, жылына алты миллион жұп шығарған екен. Алайда, бүгінде кәсіпорын өткен шақтағыдан да жақсы жұмыс істеу үшін бар күштерін салуда. – Қазір бізден шығарылған өнімдермен елді толық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз тек аксессуарларды, қосалқы бөлшектерді, химиялық материалдарды әкелеміз. Сонымен қатар, біз резеңке төсеніштерді Қытайдан сатып аламыз. Қазір итальяндық серіктестермен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Осы жылдың соңына дейін жаңа өнімді шығаруға толыққанды дайынбыз, – дейді Шамухтар Қарабайұлы. . . . Б і р к е з д е р і « Ко ж ко м б и н а т » қ а л а тұрғындарының оннан бір бөлігін жұмыспен қамтып отырған ірі әрі беделді кәсіпорындардың бірі болған. Күнкөрістен басқа, кәсіпорын өсу мен мансапқа көбірек мүмкіндік берді. Мысалы, Наталья Важина мұнда 1977 жылы кәсіптік-техникалық училищені бітіргеннен кейін жұмысқа орналасқан. Ол аяқ киім фабрикасының цехына аяқ киімнің жоғарғы бөлігін дайындаушы ретінде қабылданған. Содан кейін ол аяқ киімді үрлеушіге ауыстырылды, содан кейін бригадир болып тағайындалды. Нат а лья жұмыс істей жүріп Жамбыл технологиялық институтының «былғарыдан жасалған бұйымдар технологиясы» факультетіне оқуға тапсырып, сырттай оқуға мүмкіндік алады. Оқу орнын 1987 жылы аяқтаған соң, инженер- технолог мамандығын алып, 20 жыл шебер, технолог, цех бастығы болып белсенді жұмыстар атқарады. 1999 жылы кәсіпорын банкротқа ұшыраған кезде, Наталья кондитерлік өнімдермен ақша таба бастайды. Бірақ, өндіріс қайта қалпына келеді деген үмітін үзбейді. 2012 жылы жаңа басшылық ескі кадрларды жинай бастағанда, жұмысқа қайта оралады. Осылайша, ол қазіргі уақытта жалпы цехты басқарады. – Бүгінде аяқ киім адамның қажеттіліктерінің бірі, – дейді Наталья. – Заман ағымына қарай аяқ киім жасауда біз жаңа материалдарды пайдаланамыз. Зауыттағы техникалар да бұрынғыдай емес. Ал, бұрын біз аяқ киімнің үстіңгі және астыңғы жағын байланыстырып жасаушы едік. Қазір барлығы басқаша. Аяқ киімнің аралық қабатына қалыңдау етіп табан саламыз. Бұл өз кезегінде өткір заттармен аяқ киім табанын сыртқы соққы мен тесілуден қорғайды. Біз шағылыстыратын элементтерді шахтерлерге арналған арнайы аяқ киімге, түнгі ауысымдағы жұмысшыларға қолданамыз. Сонда қараңғыда адамның келе жатқанын көруге болады. Аяқ киімдердің модельдерін тұтынушылардың қажеттіліктеріне, оларды өндірудің ерекшеліктеріне қарай жасаймыз. Сондықтан да қазіргі уақытта жұмыс істеу әлдеқайда қызықты. Наталья Важинамен бірге аяқ киім құю цехында жұбайы Сергей мен ұлы Александр жұмыс істейді. Натальядан басқа «Совет әскері» кожкомбинатында Анна Кормачева, Баян Исмаилова және тағы бірнеше адам жұмыс істейді. Баян тіпті 1985 жылғы фотосуретке түсіп, сол кездегі ҚазКСР Компартиясының бірінші басшысы Дінмұхамед Қонаевтың кәсіпорынға келгенін тіркеген екен. Ал, бұл фотосурет Баян жұмыс істейтін шеберхананың жанындағы зауыттың тарихы туралы стендте ілулі тұр. Бүгінде бұрыннан зауытта істеп жүрген тәжірибелі жұмысшылар мен комбинат басшылығы кәсіпорынның сонау заманнан қалыптасқан жұмыс дәстүрлерін сақтай алған. Кеңес заманынан бері цехтарда тазалық сақталады, айнала толған бөлме гүлдері. Барлығы да жұмысшыларға жақсы көңіл- күй сыйлайды. – Көбінде біздің зауытта жастар жұмыс істеуге құлықсыз, – дейді Шамухтар Шаюнусов. – Қазірдің өзінде зауытта негізінен орта жастағы адамдар, тіпті зейнет жасындағы жұмысшылар да жұмыс істейді. Бұрын мектепте біздің өндіріс үшін кадрлар арнайы дайындалатын. Ал қазір кадр даярлау жоқ. Біз қазір мамандарды даярлайтын сынып аштық, онда біз жаңа қызметкерлерді оқытамыз. Ал, ол сыныпта біздің өндіріс шеберлері сабақ береді. Сонымен қатар, біз өңірлік кәсіпкерлер палатасымен меморандум жасадық, ол бойынша мамандар даярланатын болады. Бірақ бұл үш-төрт жылдан кейін ғана жүзеге аспақ. Біз бұл мәселені шешудің жолдарын жан-жақты іздестіру үстіндеміз. Одан бөлек, қызметкерлерді тартудың негізгі әдістерінің бірі – жоғары жалақы екені белгілі. Кәсіпорында жалақы сала бойынша орташа, әзірге айлық жалақыны көтеруге мүмкіндік жоқ. Бірақ қазір елде болып жатқан жаңашыл өзгерістерге үміт артып отырмыз. – Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қосылған құн салығын қайтару, салалар бойынша салық жүктемелерін бөлу тақырыбын көтерді. Білесіз бе, орта және кіші компаниялардың пайдасы әлдеқайда төмен, ал біз салықты бірдей төлейміз. Сондықтан, Президенттің бұл жүктемелерді қайта қарау туралы бұйрығы бұрыннан өзектілігін жойған емес. Содан кейін ол есеп тапсыруды 30 пайызға қысқартуды бұйырды. Бұл да оң шешім. Себебі, біз ешкімге қажет емес қағаздарды толтырып, уақытымызды жоғалтамыз. Бұл уақытты да, қаражатты да қажет етеді, – дейді Ш.Шаюнусов. Шамухтар Қарабайұлы жақында ғана Мемлекет басшысының бизнес өкілдерімен кездесуіне қатысқан. Бұл жиында ел Президенті қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау шаралары туралы ақпараттарға кеңінен тоқталған. Айта кету керек, қазір зауыт өз инвестициялары есебінен күн көріп, дамуда. Ал, егер Президент бастамаларының барлығы экономикаға ене бастағанда, болашаққа сенімді түрде қарауға болады. Кездесуде сонымен қатар, қазіргі таңда статистика бойынша жаңа кәсіпорындардың тек 20 пайызы ғана өз жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырғаны айтылған. Ал, былғары аяқ киім дайындаудың озық үлгісін көрсете білген «ТаразКожОбувь» кәсіпорны ұзақ мерзімді даму үшін әлеуеті бар екенін тағы бір дәлелдеді. Сондықтан, зауыт басшылығы мемлекеттік қолдау шаралары серіктестікке де оң ықпал етеді деген сенімде.  

Мақпал СҮЙІНБАЙ.

Суреттерді түсірген Юрий КИМ.

Ұқсас жаңалықтар