
ҚАЖ қызметкерлері заң аясында жұмыс істеуі тиіс
Шын мәнінде, түрме қызметкерін азаптаушы ретінде қабылдау әлдеқашан ескірген стереотип, қазір бұл түсінік өзінің өзектілігін жоғалтқан. Өйткені, бүгінде мемлекеттің құқықтық саясатының аясында пенитенциалық мекемелерде жазасын өтейтін адамдардың санын азайту, қоғамға зор қауіп төндірмейтін теріс қылық жасағандардың жазасын жеңілдету, бостандыққа шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіру, түзеу мекемелерін халықаралық стандарттарға жақындату сондай-ақ сотталған азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында бірқатар заңнамалар қабылданып, кейбіріне өзгерістер енгізілгені белгілі. Оның үстіне, ҚАЖ Комитеті Қылмыстық-атқару жүйесіне кір келтіретін іс-әрекеттерге қатаң түрде тыйым салып, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы. Ал, әлеуметтік желілерде жарияланған бірен-саран фактілер бас бостандығынан айыру орындарында жүйелі түрде болады дегенді білдірмейді. Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері түгелдей дерлік төбе көрсеткен жиында осы мәселе кеңінен айтылды. Жиынға арнайы қатысқан ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері, әділет майоры Е.Т.Кентаев жабық мекемелерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен жұмыс жасау оңайға соқпайтынына тоқталды.
Ол өз сөзінде сотталғандардың кейбірі қызметкерлердің әдейі «аяғынан шалса», өзгелері өзін-өзі жарақаттап, істеген ісі үшін сол мекеменің қызметкерлерін кінәлайтынын да айтып өтті.
Е.Т.Кентаев ойын қорытындылай келе, ҚАЖ Комитеті қызметкерлердің кез келген заңсыз әрекетін қолдамайтындығын, әрбір факті жіті тексеріліп, кінәлі адамдар міндетті түрде жазасын алатынын жеткізді. «Сол себепті, әрбір ҚАЖ қызметкері «ашуын сабырға жеңдіріп», заң аясында жұмыс істеуі тиіс», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді