Саясат
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2023
- 235
![Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/09/4fb0d81a-96c3-44ec-9f40-be984ff4c105.jpeg)
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді
АҚШ, Нью-Йорк, БҰҰ штаб-пәтері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясы аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.
Келіссөз барысында Президент Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі және инвестиция көлемі бойынша оның алдыңғы орында екенін атап өтті.
Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайу үшін зор әлеует бар екені айтылды.
Өз кезегінде Саули Ниинистё Қазақстан Финляндияның аса маңызды серіктесі және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша өзара тиімді ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде БҰҰ-ны реформалау жөнінде де пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумының негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстанға шақырды.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жазғы лагерьлердің жартысына жуығы жұмысын тоқтатқан
- 22 шілде, 2024
Алтын құрсақты аналар құрмет құшағында
- 22 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді