Саясат
Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізді
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2023
- 418

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Словенияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды келесі жылы елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
– Мен сізді Қазақстанға сапармен келуге ресми түрде шақырамын. Келесі жылы маусым айының ортасында елімізде Астана халықаралық форумы өтеді. Онда саясат және экономика мәселелері талқыланады. Биылғы маусым айында өткен форум өте табысты болды. Өзге мемлекеттердің басшылары, премьер-министрлері, сондай-ақ көптеген трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен бірге Сіз де аталған форумның негізгі спикерлерінің бірі боласыз деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттер Қазақстан мен Словенияның сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық перспективаларын талқылады. Сондай-ақ әңгімелесу барысында фармацевтика, логистика және IT индустриясы салаларындағы өзара байланыстардың оң тәжірибесіне назар аударылды
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді